шеберлік сыныбы
08:00, 15 октября 2017 г.
Жеке бренд не береді?
шеберлік сыныбы
Мерейлі 15 жылдығын Атырауда тойлап жатырған Қазақстан жастары конгресінің аясында білікті мамандардың шеберлік сыныптары өтті. Соның бірі, белгілі PR-менеджер Ақерке Берлібайдың шеберлік сабағы. Тұңғыш Президент қоры баспасөзінің жетекшісі қызметін атқаратын Ақерке қатысушылармен әлеуметтік желіде жеке тұлға боп қалыптасудың маңыздылығы туралы ой өрбітті.
«Әр адам өз есімін өзі қалыптастырады Егер сіз өз есіміңізбен әлеуметтік желіде жақсы танылсаңыз, бұл сіздің жеке брендіңіз. Мысалы, менің брендім − баспасөз хатшысы. Сол секілді әрбір адамның өз бренді болады. Сіздің жеке брендіңіз өзіңізді басқалардан ерекшелендіріп тұруы қажет» деп сөзін бастаған Ақерке «Жалпы бренд бізге не береді?» деген сұраққа жете тоқталды. Біріншіден, өзіміздің кім екенімізді көпшілік алдында дәлелдеуге уақыт жоғалпаудың амалы екенін сөз етті. Маған біреу келіп: «мына студент жақсы, жұмысқа ынтасы бар» деп айтса, әрине, мен оның әлеуметтік желісін қараймын. Ол қаншалықты белсенді? Немен айналысады? Толық ақпаратты фейсбук пен инстаграм парақшасы арқылы білетінін жасырмады. Жеке бренд 4 бағытта қалыптасатыны да түсіндірді.
Жеке брендін қалыптастыру үшін жеке тұлғаға төрт бағыт бойынша жұмыс жасауы қажет. Ол функционалды, әлеуметтік, ақыл және рухани белсенділік. Бұл аталған бағыт брендті пайдаланудың артықшылары мен өз-өзін бағалаудың пайдалы жақтарын қарастырады.
Мәселен, қазір жастар ұйымдары қалай жұмыс істейді? Олар өткізілген іс-шараларды жарнамалау мақсатында әлеуметтік желілергеге салып, көп пост жариялайды. Олардың күніне көп пост жазғандарынан оқырман саны азая береді. Оны жете түсініп оқып жатқандары да шамалы. Оқырманды азайтып алмау үшін фейсбукте қазір мынадай жақсы мүмкіндік бар. Сіз өз акканутыңыздан парақша немесе топ аша аласыз. Бұл көп баспасөз хатшыларына керек дүние. Мен «Нұр Отанда» жұмыс жасағанымда, бізге өткізілген шараны өз парақшамызға салуға тапсырма береді. Мен неге жұмысымды өз парақшама салуым қажет? Фб-тің осындай мүмкіндігін пайдаланып, жұмысыма арнайы парақша аштым. Міне, сіз де солай жасасаңыз, ақырындап өзіңіздің брендтіңізді қалыптастыра бастайсыз.
Менің ең жақсы көретін тренерім Тимур Арсланов: "сізді бәрі жақсы көретін жүз доллар немесе тәтті шоколад емессіз" дейтін. Сондықтан, сіз ешқашан басшыңызға шеттен тыс жағымпазданбанбағаныңыз жөн. Менің құрбым сондай әдемі қыз. Оған жігіттер әркез гүл сыйлайды. Алайда, бастығы оны ұнатпайды екен. Себебі, "қалыңыз қалай?" деген сұраққа "өте жақсы, керемет, бақыттымын" деп жауап береді екен. Бұл − дұрыс емес. Өйткені, жұмыстан басқа түгі жоқ адамда көреалмаушылық сезімі болады және жаныңызды ауырту үшін сізге көп жұмыс беріп, энергияңызды құртуға тырысады. Сол себепті, "қалайсың?" деген сұраққа "бұдан да жақсы болуы мүмкін еді" деп жауап беріңіз.
Тың әрі қызық тақырып іздеңіз. Соңғы уақытта әлеуметтік желіде бензин бен «зың-зың» хит болды. Ал жақында" Қазақстан" ұлттық арнасының директоры Ерлан Қарин инстаграм желісіне Елбасының суреті салынған ақ футболканы киіп тұрған суреті жарияланды. Бұл дегеніміз үнемі трендте болу. Тікелей эфирге шығып отыруда маңызды. Бастапқыда көрермендеріңіз көбейгенімен, қозғаған тақырыптарыңыз іш пыстырса, кейін оқырмандарыңыз азая береді. Сол себепті, эфирде пайдалы ақпаратпен бөлісіп отырыңыз. Мәселен, мен дәл қазір тренинг өткізіліп жатырғаны туралы салсам, оны көрермен өзіне сақтап алар еді. Мотивация беретін посттарды жиі салып тұрыңыз. Тек жұмысыңыз туралы айта бермей, қызықты тақырыптарды да қозғаңыз. Қалың оқырман біркүйдегі нәрседен тез жалығады.
Суретті түсірген: Раниль Насыров
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Рост уровня безработицы в Казахстане: будет ли решение проблемы?
Новости компаний
15:00
Вчера
ТОП новости
Объявления
16:56, Вчера
53
live comments feed...