• Главная
  • Д. Назарбаева Атырау жастарымен кездесті
07:00, 15 октября 2017 г.

Д. Назарбаева Атырау жастарымен кездесті

Д. Назарбаева  Атырау жастарымен кездесті

Қазақстан жастар конгресінің Атырау облысындағы күндерінің екінші күнінде Құрманғазы мәдениет сарайында өткен  аталмыш шараға сенат депутаты, Қазақстан жастар конгресінің төрайымы Д. Нұрсұлтанқызы Назарбаева қатысты. Кеш шымылдығын облыс әкімі Н. Асқарұлы Ноғаев « Құрметті конгресс мүшелері, салтанатты  шараға қатысушылар,  Қазақстан  жастар конгресінің 15 жылдық мерей тойымен құттықтай отырып, алдағы уақытта да атқарып жатырған қызметтеріңізге табыс тілей отырып, алар асуларыңыздың биік боларына,  еліміздің дамуына  әлі де қосар үлестеріңіз зор екеніне сенімдімін. Себебі қоғамның белсенді мүшесі- жастар. Сондықтанда Елбасымыздың ішкі және сыртқы саясатында жүргізіліп жатырған басты ұстанымдары жастарға жаһандану процесінде бәсекелестікке төтеп бере алатындай жағдай қалыптастыру.  Қазіргі таңдағы қоғамдық келісімнің, саяси тұрақтылықтың орнауында да жастардың қосқан үлесі көп» деп  аталмыш шарамен тұспа-тұс келген қала күнімен қала тұрғындарын құттықтады.    

Қазіргі таңда Атырау облысы бойынша 8  Жастар ресурстық орталықтары  бар, оларда 66 маман жұмыс жасап жатыр. Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері  басқармасының 2017 ж мемлекеттік  әлеуметтік тапсырысы аясында 202 млн теңге бөлінсе, осы қаражатқа 23 жоба жүзеге асуда.

Арнайы шараға шақырту алған спикерлер өз салалары бойынша атқарылып жатырған жұмыстарына есеп беріп, жастарды толғантқан мәселер көтеріліп залға жиналған қауым көйкейдегі сауалдарына жауап ала алды. 

« Жастар туризмін дамыту өте өзекті мәселе болып отыр. Атырауда мақтанып көрсететіндей қасиетті жерлер көп. Соларды туристік орталықтар ретінде дамыту керек. Сол кезде  облыстың бюджетіне де  біраз қаражат түсер еді» деп өзіндік ойымен бөліскен Д. Нұрсұлтанқызы Назарбаева  кеш соңында  белсенді жұмыс атқарған жастарды марапаттады.

Суретті түсірген:  Раниль Насыров   

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#жастар #ұйымдар
Объявления
live comments feed...