09:00, 14 октября 2017 г.

Сәнді Сұлтанның 7 кеңесі

Сәнді Сұлтанның 7 кеңесі

Атырауда Қазақстан жастары конгресінің 15-жылдығына арналған Республикалық жастар слетіне арнайы шақыртылған танымал тележүргізуші ретінде танымал 42 жастағы Сәнді Сұлтан жас журналистерге шеберлік сыныбын өткізді. Заңгер-журналист мамандығы бойынша білім алған Сәнді ханым еңбек жолын  «КТК» арнасынан бастаған. Қазіргі таңда «Жас медиа» жобасы аясында жұмыс жасап жатырған Сәнді Сұлтан «Өзіңіз қаламаған жұмысты  күштеп жасамаңыз» деп көп оқуға кеңес беріп, дикция мен  тыныс алуды дұрыстауға арналған  7 кеңесі және жаттығуларымен бөлісті.

1.     1.  Дұрыс іш арқылы тыныс алу. Мұрынмен терең тыныс алып, ауаны ішіңізге толтырап, кері шығарасыз. Бұл мойын бұлшық еттерін жазуға, толқуды басуға көп көмектеседі. Егер мойын, кеуде бұлшық еттері жинақталып қалса даусыңыз жағымсыз әрі қатты шығады. Егер даусыңыз әдемі болғанын қаласыңыз осы жаттығуды орындаңыз. Бұл жаттығуды ішіңізге кітап қою арқылы да жасай аласыз. Кітабыңыз жоғарыға көтерілу керек.

2.     2. Бетіңізге жаттығу жасаңыз. Ерніңізді жайып, жинақтау арқылы жылқы кісінегендей дыбыс шығарып жаттығу жасаңыз. Бұл сіздің еріндеріңізді еркін қозғауға, аузыңызды кең аып сөйлеуге мүмкіндік береді.

3.     3. Тіліңізді жинақтап, жайып аузыңыздың ішіне кіргізіп шығарыңыз. Бұл сіздің тіліңізді қиын сөздерді оңай айтуға септігін тигізеді.

4.     4. Тіліңізді тісіңізге жақындатып, бөлшектерге бөліңіз.  Тез сөйлеген кезде аузыңыз бен тілңізді еркін қимылдауына көмегі зор.

5.     5. Ұртыңызды толтырып, жоғары-төмен, оңға-солға қозғаңыз. Бұл жаттығуды 7-8 реттен қайтпалаңыз.

6. Тіліңізді астыңғы тісіңізге тигізіп,  шығарып-кіргізу арқылы бірнеше мәрте қайталаңыз. Осы кезде осыған дейін жасаған жаттығуларыңыздың нәтижелері сезіле бастайды. Деміңізді сезініп, дауыс ырғағыңызда да өзгерістер барын байқай аласыз.

2. 7. Эфирге шығарда немесе текст оқыр алдында терең тыныс алуды ұмытпаңыз. Сол кезде ғана даусыңыз әдемі әрі анық естіледі.          

Дауыс ырғағыңызбен тыныс алу мүшелеріне кем дегенде күніне 20 минут уақыт жұмсасаңыз әдемі дауысқа оңай жете ала аласыз. Бұл өзіңізге де үлкен қуаныш сыйлайтыны сөзсіз. 

Суретті түсірген: Раниль Насыров

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#тіл #тіс
Объявления
live comments feed...