• Главная
  • Көшбасшы интелектуалды элиталар одағы
Көшбасшы
16:09, 9 октября 2017 г.

Көшбасшы интелектуалды элиталар одағы

Көшбасшы
Көшбасшы интелектуалды элиталар одағы

Көшбасшы интелектуалды элиталар одағы

                                                                                    «Бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» деп Елбасымыз айтқандай қазір дарынды, білімді ұрпақ қана жаһандану әлеміне жолдама ала алады. Жан-жақтылықты талап ететін заманда жас ұрпаққа артылған жүк ауыр. Тек артылған жүкке от беріп лаулату аға буын  өкілдерінің қолында. Білімділік пен біліктілікті қатар ұштау мақсатында Атырау қалалық №34 Лингвистикалық мектеп-гимназиясының жанынан оқушыларды интелектуалды ойлау, ораторлық қабілетін шыңдау  мақсатында  «Көшбасшы-интелектуалды элиталар одағы» құрылды. Аудандық, облыстық дебат ойындарының бірнеше мәрте жүлдегері, « Сенатор» пікірсайыс клубының мүшесі  А. Қасымовтың жетекшілігімен құрылған «Көшбасшы» ақындық, актерлік үйірмелері бойынша да жұмыс жасауды жоспарлап отыр. Қазірден-ақ «Көшбасшының» құрамында 8,9, 10- сыныптардан 60-қа жуық оқушы бар. Шымылдығын ашып үлгерместен «Латын әліпбиіне көшуді қолдайды», «Ұяда не көрсең- ұшқанда соны ілерсің қағидасын қолдайды», « ХХІ ғасыр оқушылары  ХХ ғасыр оқушыларынан үздік» т.б. тақырыптарда ой жарыстырып үлгерген мектеп оқушылары алғашқы ойыннан-ақ мақсаты айқын, бағыты анық екендерін көрсете алды. «Бәсекелестік пен бақталастық болмай,  нәтижелі еңбек те болмайды» деген ойымен бөліскен А. Қасымов қаламызда осындай үйірмелер мен одақтардың көп болғанын қалайды. Ендеше, міндеті ауыр жас « Көшбасшының» жұмысына сәттілік тілейміз!

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Көшбасшы
Объявления
live comments feed...