Өтетін орны: Махамбет атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры, Абай көшесі 8 а

Жанр: ертегі

Ұзақтығы: 1 сағат

 

Оқиғада құстардың тілін түсінетін, табиғатты ерекше жақсы көретін мейірімді Патша туралы айтылады.

Бір күні Ханшайым Қарғаның "азғыруымен" Патшаға құстардың сүйегінен сарай салуды талап етеді. Бұл шарт Патшаны ауыр таңдау алдында қалдырады, өйткені ол құстарды досындай көреді.

Патша қай жолды таңдайды? Қатыгездік пе, әлде мейірім бе? Зұлымдық пен ақылдың айқасында қандай шешім алға шығады?!Мұның жауабын қойылымнан бірге көрейік, достар!