Өтетін орыны: Махамбет Өтемісов атындағы облыстық драма театры, кіші зал
Премьера жылы: 2018 жыл
Автор: Ж. Солтиева
Режиссёр: Ж. Телтаев
Суретшісі: Т. Мұхтаров
Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут
Жас санаты: 16+
Қосымша:
Саяси қуғын-сүргін көрген ер азаматтардың артында қалған отбасы, сүйген жарларының ауыр жағдайы нешік? Олар қаншама...? Отан отбасынан басталады...?! Үкіметтегі, үйдегі, жалпы мен жалқының арасындағы сұраныс, талас-тартыс. Айна-ғұмыр. Қойылым сондай жандардың бірегейі Мағжан Жұмабаевтың әйелі Зылиханың ауыр тағдырын паш ету арқылы, қазақ әйелінің жарына деген адалдығы жолындағы жан берер қайсарлығын көрсетеді. Тарихи шығарманың берер тағылымы зор.