Өтетін орны: Облыстық Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры, Абай 8 көшесі
Автор: Р. Отарбаев
Премьера күні: 2019 жыл
Режиссер: М. Томанов
Суретші: Т. Мұхтаров
Жанр: шер
Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут
Жас шектеуі: 16+
Назар аударыңыз! Қойылым барысында еркін орын таңдау қарастырылған!
Араға ұзақ жылдар салып, анасы жатқан бейітке келіп тұрған баланың мұңы, ойы, сағынышы. Оның ағып жатқан өзеннің бергі бетіне келіп, жағадағы айлақ үстінде шарқ ұруы. Анасы жатқан арғы бетке өткенше көз алдында өткен күндердің елесі қайталана береді. Жалған дүниенің жылтырағынан, жалған достар мен тобыр ортадан мезі шыққан, қалжыраған, көп ішінде жүріп рухани жалғыздық зардабын шеккен шерлі перзент анасының мәңгілік мекенін жанталаса іздейді.