Өтетін орны: Облыстық Махамбет атындағы  Академиялық  қазақ драма театры, Абай 8 көшесі

Автор: Данияр Базарқұлов

Премьера күні: 10 маусым 2025жыл

Режиссер: Данияр Базарқұлов

Суретші: Темірбек Мұхтаров

Жанр: перформанс

Ұзақтығы: 50 минут

Жас шектеуі: 18+

 

Тағдырдан тыс ештеңе болмайды. Оқиғадағы кейіпкерлер - әрқайсысы өз үнсіздіктерінде адасқан Елес, Таң және Сағым үміттің соңғы ұшқынын іздейді. Олардың үнсіздігінде терең сыр жатыр еді. Ол үнсіздік - шындықтың естілмейтін айқайы болатын. Бұл қойылымнан әр көрермен өзін көреді. Өз бейнесін табады. Жан-жарасын, жүрек толқынын сезеді. Өйткені, үміт - өмірдің мәңгі тіреуі. «Жоғалған үміттің» сырын білерге асығыңыз, мәртебелі көрермен!