• Главная
  • Атырау жасыл шешімдерді қарастырып жатыр: жаңа технологиялар экологияға түскен жүктемені қалай азайта алады?
13:00, 23 сентября

Атырау жасыл шешімдерді қарастырып жатыр: жаңа технологиялар экологияға түскен жүктемені қалай азайта алады?

Атырау жасыл шешімдерді қарастырып жатыр: жаңа технологиялар экологияға түскен жүктемені қалай азайта алады?

Синоптиктер Атырау тұрғындарына ауа райының қолайсыздығы туралы ескерту жасады. Желсіз күні және жел баяу соққанда ауада ластағыш заттар жиналып, түтін молаяды және дәрігерлер көшеде, әсіресе автотрассалар мен өнеркәсіптік аймақтарда ұзақ уақыт жүрмеуді ұсынады. Бұл ескерту өңірдегі экологиялық ахуалдың нашарлағанын және жүйелі шешімдерді талап ететінін тағы да көрсетіп отыр.

Негізгі экологиялық сын-қатерлер мұнай өнеркәсібінде қалыптасады: ауа, су және топырақ ластанады, биологиялық әртүрлілік жойылады және қалдықтар қордаланады. Тазарту құрылғыларының жұмысына қарамастан, қондырғылардың тиімділігі төмен күйде қалып отыр – ластағыш заттардың едәуір бөлігі атмосфераға шығарылып жатыр. 

Мұндай жүктеме халықтың денсаулығына тiкелей әсер етедi: өнеркәсiп объектiлерiнiң жанында күкiрттi сутегi мен бензолдың ШРК артуы тiркелдi, бұл респираторлық ауруларды көбеюіне әкеледі. Аса назарға іліккен оқиғалар - ауаның ластануынан Сарықамыс ауылының көшірілуі және 2018 жылы Жайық өзенінде 120 тоннадан астам балықтың қырылып қалуы. Жайықтың үштен бірінен астам тайыздануы тұщы судың тапшылығына және экожүйенің бұзылуына қауіп төндіріп тұр, ал Каспий теңізінде мұнай өндіру мен сарқынды суларды ағызудан жүктеме түсіп отыр.

Мұның бәрін ең үздік қолжетімді техникаға (ЕҚТ) жүйелі көшу арқылы ғана шешуге болады. Жаңа Экология кодексі I санаттағы кәсіпорындарды осындай технологияларды енгізуге міндеттейді. Басты міндеттердің қатарына күкіртті сутекті тұту, ілеспе газды кәдеге жарату, тазарту құрылыстарын жаңғырту және экологиялық мониторингтің цифрлық жүйелерін енгізу жөніндегі жобаларды енгізу жатады.

Бұл үдерісте Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы маңызды рөл атқарады. Экологиялық жаңғыртудың практикалық құралына айналатын кәсіпорындар үшін ЕҚТ бойынша анықтамалықтарды дәл осы Орталық әзірлейді. Бұл құжаттар ластағыш заттарды тұту, қалдықтармен жұмыс істеу, су ресурстарын басқару және цифрлық мониторингті енгізу бойынша стандарттарды белгілейді. Бизнес үшін бұл реттеуші талап қана емес, сонымен қатар тиімдірек және қауіпсіз технологияларды енгізуге мүмкіндік беретін іс-қимылдар нұсқаулығы.

Өңір үшін Жайықтың су ресурстарын қалпына келтіру, Каспийдің ластануын болдырмау, мұнай өндіру мен оны қайта өңдеуді жаңғырту, сондай-ақ қалдықтарды тиімді кәдеге жарату басым міндеттер болып қала береді. ЕҚТ енгізу шығарындыларды азайтуға, тазарту жүйелерінің тиімділігін арттыруға және өнеркәсіп пен табиғаттың қауіпсіз қатар тіршілік етуіне жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Атырау облысындағы экологиялық жағдай аса күрделі күйде қалып отыр, бірақ дәл осы жерде өнеркәсіп мүдделері мен қоршаған ортаны қорғау арасындағы теңгерімнің табысты үлгісін жасауға болады. ЕҚТ енгізу жөніндегі бағдарламаларды іске асыру, су мен ауа сапасына бақылауды күшейту, сондай-ақ қоғамды шешім қабылдауға тарту өңірге экологиялық траекторияны өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл ұсыныс бизнес үшін де, мемлекет үшін де, жергілікті қоғамдастық үшін де ортақ күн тәртібіне айналуы тиіс, тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана ресурстарға бай өңірді орнықты және қауіпсіз даму аумағына айналдыруға болады.

Медиева Г.А1. 1э.ғ.д., академик,ХЖТИЖО ғылыми кеңесшісі  

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Экология
Объявления