
16:26, 9 февраля 2025 г.
Облыс халқын интернетпен қамту үлесі 99,6%-ды құрайды

Изображение Niek Verlaan с сайта Pixabay
«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 38 елді мекенге талшықты оптикалық интернет желісін жүргізу және облыс бойынша облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды үздіксіз байланыспен қамтамасыз ету жоспарланған, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атап айтсақ, автомобиль жолдарына мобильді кең жолақты интернетпен қамту үшін цифрлық инфрақұрылым салу және трансмиссиялар орнату, электр энергиясын жеткізу көзделген.
-Бұл жоспарды іске асыру мақсатында басқарма «КСЕЛЛ» АҚ және аудан әкімдіктерінің мамандарымен бірлесіп, республикалық автомобиль жолдарында антенналық-діңгектік құрылым қондырылатын орындарын қосымша зерделеп, нақтылау жұмыстарын жүргізді. Бүгінде АДҚ орнату орындарын өз меншігіне тіркей отырып, талшықты-оптикалық байланыс желісі және электр энергиясын қосуға техникалық шарттар алынды. Жұмысты жеделдету мақсатында бес АДҚ құрылыстарына жобалық-сметалық құжатын әзірлеу жұмыстары бойынша демеуші компаниямен меморандум жасақталып, барлығына сараптамадан оң қорытынды алынды, - деді облыстық цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Алмас Көпжанов.
Анықтама үшін: аймақтағы 153 елді мекеннің 132-сі интернет желісімен қамтылды. Сондай-ақ Атырауда 5G технологиясы бойынша интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ететін 108, ал Құлсарыда 6 базалық станция бар.
Айта кетейік, 132 елді мекенге қосылған интернет желісі «Талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша ауылдық елді мекендерде интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету» жобасына сәйкес орнатылды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:00
Вчера
17:12
1 января
17:13
31 декабря 2025 г.
13:17
31 декабря 2025 г.
ТОП новости
Объявления
10:53, 23 декабря 2025 г.
15
10:07, 29 декабря 2025 г.
12
17:05, 21 декабря 2025 г.
10:53, 23 декабря 2025 г.
53
10:53, 23 декабря 2025 г.
22