18:15
Вчера
Фото РСК Атырау
«Yutong» маркісінің қоғамдық көліктері жайлылығымен, сондай-ақ сапасы және қауіпсіздік талаптарына сайлығымен танымал.
- Қалаішілік қатынасты жандандыру мақсатында қоғамдық көлік паркін жаңа автобустармен толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Қарағанды облысы Саран қаласында жинақталатын «Yutong» маркалы автобусы заманауи климаттық басқару жүйесімен жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін мініп-түсуі үшін жиналмалы пандусы және бейнебақылау камералары орнатылған,- деді Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Н.Жампейсов.
Айта кетейік, былтыр 50 жаңа автобус пайдалануға берілді. Бүгінде шаhарда 5 автопарк жұмыс істеп, 240 автобус қатынап тұр.