• Главная
  • Атырауда қант шығару зауытының құрылысын бастау жоспарланды
13:33, 24 января

Атырауда қант шығару зауытының құрылысын бастау жоспарланды

Изображение congerdesign с сайта Pixabay

Изображение congerdesign с сайта Pixabay

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов «Голдбридж халықаралық компаниясы» ЖШС басшылығымен кездесті. Жиында тараптар Атырау облысында  қант шығару жобасын талқылады,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Компания басшысы Лина Тайкен аймақта жылына 144 мың тонна секер шығаратын зауыт салуға ниетті екенін айтты. 

- Жоба Атыраудың ғана емес, еліміздің де қантқа сұранысын өтемек. Біз  қызылшадан ашытқы өндіретін қытайлық жетекші компаниямен тәжірибе алмасып, технологиясын жан-жақты зерттедік. Олар біздің жобаны қолдап, қажетті қаражаттың 80%-н инвестицияламақ. Біздің жобамызды Атырау облысында жүзеге асыруға 1,5 жыл уақыт керек. Егер ресми құжаттар уақытылы дайындалса, 2026 жылдың жазында зауытты іске қосып, қызылшадан қант пен тағы да төрт түрлі өнім шығармақпыз. Жобаны жүзеге асыру үшін жер беріп қолдау көрсетуіңізді сұраймын,-деді Л.Тайкен.

Серік Шәпкеновтің айтуынша, қанттың 90% өзге елден импортталады. Облыс әкімі «Голдбридж» ұсынған жобаны құптап, қажетті қолдау көрсететін жеткізді. 

- Бұл бізге керек әрі тиімді жоба. Атыраудың жері қызылша өсіруге қолайлы. Ауыл шаруашылығының әлеуетін пайдаланып, ішкі нарықты өз өнімімізбен қамтамасыз етіп, аграрлық секторды жандандыруға нақты жол ашамыз деп сенемін. Өз тарапымыздан инфрақұрылыммен қамтуға дайынбыз,-деді С.Шәпкенов.

Жиын соңында аймақ басшысы жер телімін қарастыруды, үшжақты меморандум әзірлеу үшін тиісті құжаттарды дайындауды тапсырды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Атырау #сахар #завод
Объявления
live comments feed...