17:59
Вчера
Фото РСК Атырау
Тұрғындарға жаңа баспаналарының кілтін аудан әкімі Азамат Мәмбетов табыстап, жылы лебізін білдірді.
- Баршаңызды бүгінгі жаңа қоныстарынызбен құттықтаймын! Ауданымыздағы тұрғын үйлердің қатары жыл сайын көбейіп келеді. Осындай игі бастамалар әлі де жалғасын тауып, елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту жұмыстары қарқынды түрде жалғасатынын атап өткім келеді,- деді аудан әкімі.
Айта кетейік, 2024 жылы ауданда 3 қатарлы 60 пәтер және қос пәтерлі 26 тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазіргі таңда 731 адам үй кезегінде тұр.