
17:01, 8 января
ЖРВИ-дің эпидемиялық кезеңінде 66 мыңға жуық жағдай тіркелді

Изображение Adrian с сайта Pixabay
2024 жылдың 1 қазанынан 2025 жылдың қаңтарына дейін облыстағы ЖРВИ-дің эпидмаусым кезеңінде 66 мыңға жуық жағдай тіркелген, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Оның 64%-ын 14 жасқа дейінгі балалар құраса, 3%-ы — бір жасқа дейінгі сәбилер. Сонымен қатар вирус 500-ден аса жүкті әйелге жұққан.
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі Айкөркем Нұрғалиеваның айтуынша, биылғы жағдай эпидмаусымының 2023-2024 ж.ж. кезеңімен салыстырғанда аз.
- ЖРВИ мен тұмау ауруының негізгі белгілері: жоғары температура, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрынның бітелуі. Мұндай жағдайда өзін-өзі емдеуге болмайды, медициналық көмекке жүгініп, дәрігерді үйге шақыру қажет,–деді А.Нұрғалиева
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары облыс тұрғындарынан тұмаудың алдын алудың негізгі ережелерін естен шығармау керектігін ескертті.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
16:45
Вчера
09:06
Вчера
17:03
17 июля
Объявления
11:18, 8 июля
53
18:18, 1 июля
11:18, 8 июля
15
live comments feed...