10:39, 10 декабря 2024 г.
Құрманғазы ауданына қарасты 17 ауылда электр желісі ауыстырылды
Изображение kalhh с сайта Pixabay
Биыл Құрманғазы ауданындағы 17 ауылдық округте 1445 жарық шамы, 1100 бағана мен 3 трансформатор орнатылды. 26400 метр электр желісі жүргізілді,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Биыл аудан бойынша «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Сүйіндік, Жанаталап, Сафон, Мақаш, Көптоғай, Бөкей хан ауылы толықтай жарықтандырылды. Сонымен қатар халық саны көп Ақкөл ауылында 54 шақырым электр желісі мен көше жарығы тартылды. Және жаңа «Ақкөл» қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде. Бүгінде ауылішілік 605 электр бағанасы орнатылды, 23 шақырым кабель және әуе желісі жүргізілді. Қосалқы станциясының құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр ,- деді аудан әкімінің баспасөз хатшысы Гүльхат Хамза.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
16:56, 15 января
15
live comments feed...