• Главная
  • «Дендер» газетінің 90 жылдығына орай «Туған жердің жаршысы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
12:24, 7 декабря 2024 г.

«Дендер» газетінің 90 жылдығына орай «Туған жердің жаршысы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Фото РСК Атырау

Фото РСК Атырау

Мерейлі датаға орай  1937 жылдан бері жарық көрген газет беттерінен үздік материалдарды жинақтап, кітап шығару жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

- Алматыдағы кітапханадан 1937 жылдан бері шыққан газеттерді алдырдық. Өткен ғасырда жарық көрген сандарынан сол кездегі халықтың тұрмыс-тіршілігіне терең бойлай аламыз. Мұндай іс-шараларды аудандық деңгейде өткізетінбіз, енді облыстық деңгейге де шығып жатырмыз. Себебі біздің газетке Ж.Жабаев, А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов сияқты ірі тұлғалар туралы және басқа да көлемді тақырыпта мақалалар шығады. Мұның бәрі тек аудан халқына ғана емес, бүкіл қазақ қоғамына маңызды, - деді «Дендер» газетінің бас редакторы Жанай Амантурлин.

Конференцияда  «Дендер-тарих толқынында», «Бас редакторлар», «Мақалаларда ерекше мазмұн бар» және  «Авторсыз газет – қанатсыз құспен тең» тақырыбында баяндама оқылды. 

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Атырау #научная конференция
Объявления
live comments feed...