16:30, 4 декабря 2024 г.
Елтай ауылының көшелеріне жарық шамдары орнатылды
Фото РСК Атырау
Индер ауданының Елтай ауылына 100 жарықдиодты шам орнатылды,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Биыл ауылдың 12 көшесіне барлығы 185 жаңа жарық шам орнатылды. Соның ішінде Сатпаяқов, Базарбаев, Датұлы, Шарипов, Қауашева, Тайманұлы көшелері ішінара жарықтандырылғандықтан, жаңадан желі тартылып, қосымша шамдар орнатылды,-деді ауыл әкімі Дулатбай Сариев.
Әкімнің айтуынша, ауылдағы толық жарықтандырылмаған 7 көшеге келер жылы жарықдиодты шамдар орнатылады.
Айта кетейік, биыл Елтай ауылдық округіне қарасты Аққала ауылында 8 көшеге барлығы 120 шам қондырылып, ауыл толықтай жарықпен қамтамасыз етілді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
10:04, 20 января
12
16:56, 15 января
live comments feed...