• Главная
  • Өңірде «Атырау волонтерлік корпусы» жобасын іске асыру жоспарлануда
19:00, 26 марта

Өңірде «Атырау волонтерлік корпусы» жобасын іске асыру жоспарлануда

Изображение Gerd Altmann с сайта Pixabay

Изображение Gerd Altmann с сайта Pixabay

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Атырау волонтерлік корпусының» жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» КММ ұйымдастыру бөлімінің маманы Ақбөбек Тәттібекқызы баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жобаның мақсаты - жастар арасында волонтерлік қызмет дағдыларын, әлеуметтік практика саласындағы жобалық қызмет құзыреттерін және тұтастай алғанда белсенді азаматтық ұстанымды дамыту.

-Жоба аясында өңірдің белсенді волонтерлерімен дөңгелек үстелдер және олардың арасында сауалнама жүргізу, сондай-ақ өңірдегі волонтерлік топтармен кездесулер ұйымдастырылады. Сонымен бірге волонтерлерге арналған екі күндік күзгі лагерді ұйымдастыру және волонтерлікке тарту мақсатында бейнематериалдар дайындау жұмысы жүзеге асырылатын болады, - деді А.Тәттібекқызы.

Оның айтуынша бұдан бөлек, ҚР волонтерлікті дамыту мен қолдаудың 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы негізінде Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы КММ өңірде бірнеше жұмыстарды атқарады.

-Атап айтсақ, 2021 жылдан бері «Демеу» облыстық конкурсы ұйымдастырылып келеді. Онда волонтерліктің 12 бағыты бойынша бірқатар жоспарды жүзеге асыру көзделген. Сонымен бірге «Күміс волонтер» жобасы өткен жылы жүзеге асырылды. Биыл да орталықтың ұйымдастыруымен жоба өз жалғасын табатын болады. Ол жердегі басты мақсат – өңірдегі күміс волонтерлікті дамыту және 50 жастан асқан волонтерлердің жұмыстарын ілгерілету бойынша жұмыстар атқару. Оның ішінде өңірдегі қарттар үйінің, балалар үйінің және бейімделу орталықтарының қызметкерлерімен бірлесе отырып жұмыстар атқару жоспарда бар, - деді А.Тәттібекқызы.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Актау #разное
Объявления
live comments feed...