• Главная
  • Әскери қызметшілер «Мейірімділік күнін» атап өтті
13:20, 19 марта

Әскери қызметшілер «Мейірімділік күнін» атап өтті

фото: rscatyrau

фото: rscatyrau

Қаламыздағы №41433 әскери бөлімінің қызметшілері мейірімділік күніне орай «Жан Еркемай – Атырау» қоғамдық қорына қарасты Өмірге бейімдеу орталығында болды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Әскери қызметшілер балаларды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, тәттілер таратты. Сонымен қатар, ән айтып, би билеп, әңгіме айтып, балалардың көңілдерін көтерді. 

-Бұл жай ғана орталық емес, балалар мен олардың ата-аналарына көмектесу үшін салынған мекеме. Сіздер біздің, жалпы айтатын болсақ  Отанымыздың қорғаушыларысыздар. Кестенің тығыздығына қарамастан, бізді қолдауға уақыт бөлгендеріңізге, жас тәрбиеленушілерімізбен жақсылық пен жылулықпен бөліскендеріңізге, оларға жағымды эмоциялар бергендеріңізге алғыс айтамын,- деді қоғамдық қордың басшысы Әлия Кубаева. 

Өз кезегінде №41433 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Мейрам Каппасов балаларды назардан тыс қалдырмауға тырысатынын, олармен тығыз байланыста болуға дайын екендіктерін білдірді. 

Айта кетейік, бүгінде «Жан Еркемай – Атырау» қоғамдық қорына 210 ерекше бала тіркелсе, аталған орталықта 25 бала тәрбие алуда.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Актау #разное
Объявления
live comments feed...