• Главная
  • Облыс әкімі әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады
12:15, 8 марта

Облыс әкімі әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Өңірлік коммуникациялар қызметі - Атырау облысы

Өңірлік коммуникациялар қызметі - Атырау облысы

М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, әйелдер қауымын көктемнің сәулелі мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

- Талай ақын-жазушының туындысына арқау болған әйел болмысы бізді тереңдігімен тәнті етеді. Біз сіздерден даналық пен сұлулықтың, нәзіктік пен қайсарлықтың мінсіз үйлесімін көреміз. Көреміз де, таң-тамаша боламыз. Өмір – өздеріңізбен ажарлы, тіршілік – сіздермен базарлы. Қазақ әйелінің бүгінгі болмысы ұстанымы айқын, қоғамдағы мәселелерге бей-жәй қарамайтын белсенді, игі істерге бастамашы бола білген жаңашылдықпен биіктей түсті.  Оған дәлел – мына сіздер.  Шаңырақтың шырағданы боп отырған аналардың, тұрмыс пен қызметтің таразы басын тең ұстап, отбасының ғана емес, Отанының түтінін түзу ұшыруға үлес қосып жүрген қыз-келіншектердің еңбегі әркез ардақтауға лайық,-деді С.Шәпкенов.

Шарада облыс әкімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 19 ақпанындағы №984 Жарлығымен жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелегені үшін №4 Атырау қалалық емханасының медбикесі Айгүл Ағылмановаға, Қызылқоға ауданы Ш.Еркінов атындағы орта мектебінің мұғалімі Әсемгүл Жанұзақоваға, Жылыой ауданы  № 13 орта мектептің мұғалімі Жазира Жұматаеваға және Құрманғазы ауданы «Ақмарал» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Гүлзина Усаеваға «Алтын алқа» табыс етті. 

Сонымен қатар алты бала туып, тәрбиелегені үшін «Күміс алқаны» М.Өтемісұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Зәмзәгүл Аухатоваға, Махамбет ауданы Алға орта мектебінің мұғалімі Майра Самархановаға, Т.Құлтумиев атындағы  №1 Құлсары балалар саз мектебінің мұғалімі Айнұр Тайпақоваға, Исатай ауданы «Өркен» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі  Динара Хұсайыноваға және Атырау қаласы №10 орта мектеп мұғалімі Жеңісгүл Ізбасароваға берілді.

Сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азаматша облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, «Ару ана» республикалық үздік әйелдер жобасы облыстық кезеңінің әр аталым бойынша үздіктерді анықталды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Атырау #разное
Объявления
live comments feed...