• Главная
  • Биыл аймақтағы автокөлік жолдары бойынша 34 жоба жасалады
19:00, 28 февраля

Биыл аймақтағы автокөлік жолдары бойынша 34 жоба жасалады

Биыл аймақтағы автокөлік жолдары бойынша 34 жоба жасалады, фото-1

Бұл жобалар Махамбет, Мақат, Индер, Қызылқоға, Исатай және Құрманғазы аудандары бойынша жүзеге асырылады. Сонымен қатар Махамбет ауданы бойынша 6 жобаға жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алды. Биыл Махамбет ауылының 1 және 2-кезеңі бойынша ауылішілік автомобиль жолының құрылысы, Жалғансай, Сарайшық ауылішілік жолдарына, Талдыкөл және Ақтоғай ауылдарының кірме жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әлібек Мұханбеталиев баспасөз конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Мақат ауданы бойынша қазіргі таңда Мақат және Доссор кентішілік автомобиль жолдарына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Іске асырылып жатқан жобалардан басқа 39,3 шақырымды құрайтын автокөлік жолдарына, нактырақ 2 жобаға жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.

Сондай-ақ Индер ауданы Өрлік ауылішілік автомобиль жолын жаяу жүргіншілер жолымен қоса алғанда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Іске асырылып жатқан жобалардан басқа 7 жобаға, 38,1 шақырымды құрайтын автокөлік жолдарына жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.

Қызылқоға ауданы бойынша 77 шақырымды құрайтын 9 жобаға, Жылыой ауданы бойынша 112 шақырымды құрайтын 6 жобаға жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.

- Бұдан бөлек, Исатай ауданы бойынша ауылішілік автомобиль жолдарының  жалпы ұзындығы 429,5 шақырымды құрайды. Іске асырылып жатқан жобалардан басқа 2 жоба, яғни, 29 шақырымды құрайтын автокөлік жолдарына жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Жалпы Исатай ауданында әлі де болса жалпы ұзындығы 239,9 шақырымды құрайтын аудан және ауылішілік  жолдар жобалық-сметалық құжаттама жасақтауды қажет етеді. Оның ішінде 85 шақырымы-аудандық маңызы бар жолдар. , - деді Ә.Мұханбеталиев.

Ал Құрманғазы ауданы бойынша іске асырылып жатқан жобалардан басқа 15,8 шақырымды құрайтын 2 жобаға жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Атырау #дороги #авто
Объявления
live comments feed...