• Главная
  • Атырауда сейсмикалық жаттығу өтті
14:00, 24 февраля

Атырауда сейсмикалық жаттығу өтті

Атырауда сейсмикалық жаттығу өтті

Атырау қаласында сағат 10.00-де дабыл беріліп, тұрғындардың төтенше жағдай кезіндегі дайындығы мен қауіпсіздігін пысықтау мақсатында жаттығу өткізілді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы майор Бахыт Абланов мұндай сейсмикалық жаттығу тоқсан сайын өткізіліп тұратынын, осыған байланысты қала тұрғындары түсіністікпен қарауды сұрады.

-Биыл 19 ақпанда Атырау облысы аумағында жер сілкінісі кезінде халықтың жүріп-тұру дағдыларын үйрету мақсатында ұйымдастырушылық нұсқаулық бекітілген болатын. Соған сәйкес бүгін облыстық, қалалық және аудан әкімдіктерде, білім беру ұйымдарында жаттығу өткізіліп отыр. Әкімшілік қызметкерлері өздерін қағидаға сәйкес ұстап, жаттығу тиісті дәрежеде орындалды. Оқу-жаттығу өтетіндігі жайлы халыққа алдын ала бұқаралық  ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер арқылы хабар берілді. Мұндай іс-шара барлық білім беру орындары, әкімдіктер, денсаулық сақтау ұйымдарында сейсмикалық, өрт кезінде және тағы басқа төтенше жағдай орын алған кезде халыққа жүріс тұрыс дағдыларын үйрету мақсатында өткізіліп тұрады және ол өте қажет,- деді Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Бектұрған Масатов. 

Оның айтуынша, мұндай жағдай орын алғанда, газды, су мен электр қуатын өшіру қажет. Егер жер сілкінісінің күші аз болса, онда оны тұрған жерде күткен абзал. Ал едәуір күштірек жер сілкінісін байқаған кезде, дереу ғимараттан шығу қажет. Ол мүмкін болмаған жағдайда, ішкі қабырғаның, бұрыштың, есік жақтауының қауіпсіз жерінде тұру керек. Сонымен қатар құлауы мүмкін заттардан, сынықтардан қорғану мақсатында кереуеттің немесе үстелдің астына тығылу қажет. Мұндай кезде терезе мен ауыр жиһаздардан алыс тұру - қауіпті азайтады. Сондай-ақ жедел сатыны пайдаланбаған дұрыс.  

Осылайша Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мемлекеттік қызметшілерге төтенше жағдай кезінде қандай іс-әрекеттер жасалу қажеттігін нақты түсіндіре отырып, іс жүзінде тексеріп көрді. Сонымен қатар, «қорғану әрекетін қағидаға сай жасай алды» деген баға берілді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Актау #разное
Объявления
live comments feed...