• Главная
  • Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылындағы 300 орындық мәдениет үйі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі
11:00, 19 февраля

Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылындағы 300 орындық мәдениет үйі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылындағы 300 орындық мәдениет үйі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

Құрманғазы ауданына қарасты Бөкейхан ауылдық округінен 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мәдениет үйіне тапсырыс беруші Құрманғазы ауданының құрылыс бөлімі болса, жауапты бас мердігер «Гранд-Мастер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Аудан әкімі Абат Жанғалиевтің айтуынша, аталған ауылдық округтегі клуб апатты жағдайда деп танылған. Бұған дейін ауыл тұрғындары округте жаңа мәдениет үйін салуды сұрап келген. 

Бүгінгі таңда мұнда жаңа мәдени нысан түсетін орынның жері тегістеліп, қазаншұқыры қазылып, іргетасы қалануда. Қажетті инертті материалдар жеткілікті. Қалған құрылыс жұмыстары да кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. 

Сондай-ақ А.Жанғалиев нысанның құрылыс жұмыстарымен таныса отырып, жауапты мердігер мекемеге тиісті жұмыстарды уақтылы және сапалы аяқтауды тапсырды. 

Болашақ өнер ордасында 300 орындық көрермендер залы, үйірме бөлмелері, 20 жаттығушыға арналған хореография залы, кітап сақтау бөлмесі мен оқырмандар залы, гримдеу бөлмесі, 36 орындық асхана қарастырылған.  

Айта кетейік, қазіргі уақытта Бөкейхан ауылында 1811 тұрғын бар.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Атырау #дом культуры
Объявления
live comments feed...