• Главная
  • Облыста «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде 5000-ға жуық жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілері анықталды
17:05, 18 февраля

Облыста «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде 5000-ға жуық жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілері анықталды

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының командирі Әділбек Шахметов пен Атырау қаласының полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Дәурен Насиполла баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Атырау облысы аумағындағы Ақтөбе-Атырау-Астрахань республикалық маңызы бар тасжолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында 5-29 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

-Іс-шараға Атырау облысы полиция департаменті жанындағы Патрульдік полиция ротасынан 74 қызметкер және 34 автокөлік жұмылдырылуда. Сонымен қатар автомобиль жолдарының авариялық қауіпті учаскелеріне жол жүрісін қадағалауды жүзеге асыру мақсатында жаңа үлгідегі аппараттық техникалық құрылғылар барынша пайдаланылуда, - деді Д.Насиполла.

Іс-шараның 10 күнінде облыс бойынша 5000-ға жуық жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегі анықталды. Оның ішінде шетелде тіркелген көліктерді басқару бойынша – 167, рұқсатсыз қайта жабдықтау бойынша – 32, жылдамдықты арттыру бойынша – 2199, балаларды ұстау құрылғысын пайдаланбау бойынша – 18,  сонымен қатар авариялық жағдай туғызу бойынша – 14 және көлікті мас күйінде басқару бойынша – 16 бұзушылық пен көлік құралын жүргізу құқығынсыз басқару бойынша – 11 дерек тіркелді.

Сондай-ақ 97 автокөлік арнайы тұраққа қойылып, 15 автокөліктің мемлекеттік белгілері алынды.

-Атырау қаласы аумағында өтіп жатқан іс-шара барысында, яғни ақпан айының 5 мен 15 күндері аралығында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің баптары бойынша барлығы 2272 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, - деді Ә.Шахметов. 

Сондай-ақ Полиция департаментінің қызметкерлері барлық көлік жүргізушілерінің назарына жол ережесін бұзбай, аталған құқық бұзушылықтарды жасамау жөнінде ескертіп өтті.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Атырау #профилактика #пдд
Объявления
live comments feed...