• Главная
  • Құрманғазы ауданында жаға бекіту жұмыстары басталады
14:40, 15 февраля

Құрманғазы ауданында жаға бекіту жұмыстары басталады

Құрманғазы ауданында жаға бекіту жұмыстары басталады

Құрманғазы ауданының үш ауылында жаға бекіту бойынша дамба құрылысының жұмыстары басталады, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Бүгінде Құрманғазы ауданы көлемінде су басу қаупі жоғары округтер қатарына Шортанбай, Дыңғызыл және Көптоғай ауылдары енгізілген. Осы уақытқа дейін  аталған ауылдық округтерде көктемгі су тасқынына қарсы қорғаныс бөгеттерінің аса қауіпті учаскелерін бекіту жұмыстары өз күштерімен атқарылып келген болатын.

-Нақтырақ айтқанда, су басу қаупі бар жағалаулары мен сағалары анықталып, осал бөгеттер маңына техниканың көмегімен саз топырақтар төгіліп, құм толтырылған арнайы қаптар жаға бөгеттеріне орналастырылып жүрген еді. Енді жағалауларды қорғау үшін дамба құрылысын жүргізуші мердігер мекеме анықталып, құрылыс жұмыстары 19 ақпанда басталады деп жоспарлануда,- деді аудан әкімінің орынбасары Марат Хасанов.

Оның айтуынша, тасқын сулардан қорғайтын бөгеттердің жалпы ұзындығы 8 шақырым. Жауапты мердігер мекеме «TOLAGAI-2050» ЖШС. Өндірістік кестеге сәйкес құрылыс 10 айға  жоспарланып отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Атырау #разное
Объявления
live comments feed...