• Главная
  • Атырау ойыншылары керлингтен жүлделі орындарға ие болды
14:15, 15 февраля

Атырау ойыншылары керлингтен жүлделі орындарға ие болды

Атырау ойыншылары керлингтен жүлделі орындарға ие болды

Алматы қаласында өткен керлингтен Қазақстан Республикасының чемпионатында  Атырау облысының  ойыншылары сәтті өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған чемпионатқа еліміздің 10 облысынан 150 спортшы қатысты. Олар қыздар және ұлдар командалары, сонымен қатар аралас команда, аралас жұп болып өнер көрсетті. Ал Атырау облысынан 8 спортшы қатысып, бақтарын сынады. Олар ұлдар командасының капитаны - Рамазан Сахиев, ⁠ойыншылар: Арсен Жолдас, Нұрислам Айбарұлы, Алихан Жолдас, Әбілмансұр Бақтығұл. Ал қыздар командасының капитаны - Гүлхан Сарбасбай, ойыншылар: Бұлбұл Мақсотова мен Інжу Айбарқызы. 

-Алғаш Атырауда керлинг федерациясы 2021 жылы ашылған болатын. Өнер көрсетіп жүргенімізге екі жылдан асты. Бұл жарысқа бір айдың үстінде теориялық жағынан дайындалдық. Алда спартакиада, универсиада, Қазақстан кубогі сияқты жарыстар өтеді. Жас спортшылардың қызығушылығы артып, жанкүйерлері де көбейіп жатыр. Соңғы кездері облысымызда ойынға қызығушылар саны артып келе жатқаны қуантады. Тіпті аз уақыттың ішінде ел біріншілігінің  жеңімпазы атанғандар да бар. Мұндай ынта болса, алға басу мен даму болады,- деді спортшы Бұлбұл Мақсотова. 

Жарыс қорытындысы бойынша Атырау облысының ерлер және қыздар командалары күміс, ал аралас жұп бойынша қола жүлдеге ие болды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Атырау #спорт
Объявления
live comments feed...