• Главная
  • Атырауда жасөспірімдер арасында кикбоксингтен республикалық ашық турнир басталды
19:05, 14 февраля

Атырауда жасөспірімдер арасында кикбоксингтен республикалық ашық турнир басталды

Атырауда жасөспірімдер арасында кикбоксингтен республикалық ашық турнир басталды

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сүндеткерей Қасанғалиевтің жүлдесіне арналған кикбоксингтен республикалық ашық турнир басталды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған жарыс Атырау облыстық кикбоксинг федерацияның қолдауымен өткізіліп отыр. 

Іс-шараға Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.  

-Сүндеткерей Қасанғалиев біздің болашағымыз үшін, елдің рухын көтеретін жас ұрпаққа тәрбие беру мақсатында кикбокс спортын Атырауға алғаш алып келген спортшы. Шәкірттерінің алды спорт мектебінің басшысы, екі дүркін Әлем чемпионы. Мұның бәрі жұмсалған күш пен қажымас қайраттың арқасы деп білемін. Мына тұрған сіздер де үлкен белестерден көрініп, боз кілемде оза шауып, көк туымызды биіктен желбіретеді деп сенемін. Спортшыларға алаңда мықтылық, сыртында достық, төрешілерге әділдік тілеймін. Баршаңызға сәттілік!- деді Н.Ермұханов.

Аталған турнирге Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарынан, сонымен қатар Шымкент, Атырау қалаларынан және Құрманғазы мен Исатай аудандарынан 200-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынауда.

Айта кетейік, аталған турнир «Атырау» дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде 16 ақпанға дейін жалғасады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Атырау #спорт
Объявления
live comments feed...