• Главная
  • Атырау облыстық онкология диспансерінде Астанадан келген дәрігерлер ота жасады
18:10, 9 февраля

Атырау облыстық онкология диспансерінде Астанадан келген дәрігерлер ота жасады

фотто: Өңірлік коммуникациялар қызметі

фотто: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырау облыстық онкология диспансерінде Астана қаласы Ұлттық онкология ғылыми орталығының дәрігерлері 60 жастағы ер адамға ота жасады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Тері арқылы өтетін трансбауырлық холангиостомия, яғни түтік салу отасын интервенциялық рентгенхирург Әсет Кенжин және гепатобилиарды хирург Чохан Айтбаев жүргізді. 

-Атырау қаласына келген мақсатымыз – науқастарды емдеп, әріптестерімізге жәрдем беру және ота түрін үйрету. Қазір бір ота жасадық, сәтті өтті. Жалпы жергілікті науқастар өз жерінде емделу қажет деп ойлаймын. Себебі, кей жағдайларда олар ем алу үшін Алматы, Астана сияқты үлкен қалаларға барып жатады. Енді облыс дәрігерлері отаны жетік меңгеріп, өздері жасаса, науқастар басқа қалаларға бармай, жергілікті жерінде ем алатын болады. Біз мүмкіндігінше дәрігерлерге онкология, хирургия, қай жағынан болса да білгенімізді үйреттік және кез-келген уақытта көмек беруге дайынбыз,- деді Ұлттық онкология ғылыми орталығының хирургі Чохан Айтбаев.  

Сондай-ақ жоспарланған отадан кейін, республикалық орталық мамандары диспансер дәрігерлеріне дәріс оқып, тәжірибелерімен бөлісті. Дәріс сабақта онкологиядағы заманауи үрдіс және жетілдірілген емдеу тәсілдері туралы айтылды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Атырау #медицина
Объявления
live comments feed...