• Главная
  • Былтыр «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры» ақпараттық жүйесі арқылы 321 адам өтініш білдірді
08:30, 8 февраля

Былтыр «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры» ақпараттық жүйесі арқылы 321 адам өтініш білдірді

фото: региональная служба коммуникаций

фото: региональная служба коммуникаций

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Дастан Жарлықасымов баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры» ақпараттық жүйесі жылжымайтын мүлік объектісіне құжаттарды ресімдеуге және оған құқықтарды тіркеу тәртібін жеңілдетуге, сондай-ақ мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді.

- Бұрын жер учаскелерін таңдау бойынша азаматтарға жер туралы мәліметтерді қарау мүмкін болмады. Бұған дейін өтініш жазбаша түрде жергілікті атқарушы органға  беріліп, арнайы комиссиямен бір жылға дейінгі мерзімде қаралатын. Қабылданған шешімдердің ақ-қаралығын, олар бойынша берілген бастартулар туралы есеп көрсетілмейтін. Тек келісілген шешім бойынша мемлекеттік акті мен техникалық паспортқа азаматтардың әрбіреуіне жеке-жеке өтініш беретін. Кейіннен «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры» ақпараттық жүйесіне ауысқанда мемлекеттік қызмет көрсетудің түрлері азайды. Нақтырақ айтқанда, жер учаскесі мен тұрғызылған объектіге бір құжат беріліп, рәсімдеу мерзімі қысқарды. Сонымен бірге жер беру комиссиясының жұмысы тоқтатылып, жерге кезекке тұру және учаскелердің құжаттарын дайындау жеделдеді. Оған қоса жер учаскелерінің игерілгені немесе игерілмегені туралы мәліметті білуге мүмкіндік туындады, - деді Ж.Жарлықасымов.

Сондай-ақ оның айтуынша, өткен жылы қазан айынан бастап республикалық маңызы бар қала, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардағы жер телімдерінің онлайн форматта құқықтарын беру жобасы басталды.  Бүгінгі күнде облыстың Атырау және Құлсары қалалары бойынша осы жүйеде жер телімдері беріліп жатыр. Аталған жүйе қосылғаннан бері Құлсары қаласы бойынша 831, Атырау қаласы бойынша 2836, барлығы 3667 кадастрлық паспорт жасақталған.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр шілдеден бастап мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры» ақпараттық жүйесіне ауыстырылған болатын.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Атырау #разное
Объявления
live comments feed...