
14:15, 5 февраля 2024 г.
Атырауда ардагерлер арасында кіші аяқ доптан облыстық турнир өтті

источник фото: Региональная служба коммуникаций
Облыстық «Ауған соғысы ардагерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өңір ардагерлері арасында кіші аяқ доптан облыстық турнир өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Іс-шара Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шыққанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Спорттық сайыстың басты мақсаты - ардагерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, достық қарым-қатынасты нығайту.
Ауған соғысының ардагері Мұратбек Кенжеахметов турнирге қатысушы ардагерлерге сәттілік тілеп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
-Бүгінде 35 жылдық қарсаңында іс-шаралар ауқымды түрде өткізілуде. Соның бірі осы ардагерлер арасындағы футболдан турнир. Іс-шараның өтуіне белсене атсалысып, қолдау көрсеткен барша жандарға алғысымызды білдіреміз. Ардагерлердің ерлік істерін жас ұрпаққа дәріптей отырып, оларды таныту, еңбектерін елеусіз қалдырмау үшін өткізілген әр іс-шара біз үшін маңызды. Сайыс қатысушыларына сәттілік тілеймін! Елімізде тек тыныштық болып, қуанышты күндеріміз үзілмесін, - М.Кенжеахметов.
Турнирге облыс ардагерлерінен құралған «Санжар», «Болат», «Каспий», «Махамбет» және «Мелиоратор» мен «Шурави» атты 6 команда қатысып, бақтарын сынады.
Жарысты қорытындылай келе, жүлделі I орынды «Санжар» командасы иеленсе, II орынды «Махамбет», ІІІ орынды «Болат» командасы еншіледі.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
12:19
Вчера
18:07
2 октября
12:15
2 октября
17:58
1 октября
Встроенная мебель в Атырау: семь ошибок, из-за которых шпон трескается, а двери не закрываются
Новости компаний
12:11
30 сентября
09:15
30 сентября
Тимур Турлов пообещал выделять $1 млн в год на шахматы в школах
Новости компаний
17:45
29 сентября
Объявления
00:00, 1 октября
00:07, 1 октября
12:53, 3 октября
53
09:50, 1 августа
05:50, 1 октября