13:35, 3 февраля
Исатайлық спорт ардагерлері арасында «Алтын шайба» турнирі өтті
Исатай ауданының орталығы - Аққыстау ауылында хоккейден ардагерлер арасында «Алтын шайба» облыстық турнир өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аудан әкімінің қолдауымен Аққыстау ауылының «Қаратүбек» өзегінде ашық аспан астында мұз айдыны жасалып, алғашқы ұйымдастырылған облыстық турнирге «Исатай», «Махамбет», «Құрманғазы 1» және «Құрманғазы 2» ардагерлер құрамалары қатысты.
- Біз Құрманғазы ауданынан екі команда алып келіп отырмыз. Ардагерлер арасындағы жарыс өте тартысты өтті. Осындай жарыстарымыз көп болса, шайбалы хоккейіміз дамиды деп ойлаймын. Бүгінгі ардагерлердің істеп жатырған ісі - кейінгі ұрпаққа үлкен өнеге. Жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тілеймін, мықтылар жеңіске жетсін,- деді Құрманғазы аудандық мәдениет, ішкі саясат, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысының орынбасары Алмас Мұхашев.
Турнирдің салтанатты рәсіміне арнайы қатысқан аудан әкімі Нұрым Мусин қатысушы командаларға өзінің тілек-ниетін білдіріп, ауыл жастарына үлгі болған ардагер спортшыларға алғысын жеткізді. Сонымен қатар жеңімпаздар мен үздік ойыншыларға марапаттарды табыс етті.
Жарыс қортындысымен І орынды «Құрманғазы 1» командасы, ІІ орынды Махамбет ауданының командасы, ІІІ орынды Исатай ауданының командасы иеленді. Ал «Құрманғазы 2» командасы алғыс хатпен марапатталды.
Сондай-ақ Исатай ауданы командасының шабулшысы, ардагер спортшы Бексұлтан Мұханбетқалиев «Үздік ардагер спортшы» номинациясын иеленсе, «Үздік қақпашы» номинациясына осы командадан Жанболат Абилов қол жеткізді. Ал махамбеттік Арал Өтепбергенов «Үздік қорғаушы» атанса, «Құрманғазы 1» командасының шабулшысы Амантай Айтқалиев «Үздік шабулшы» деп танылды.
Жеңімпаз командаларға «Алтын шайба» ашық турнирінің медалі тағылып, кубоктар табысталды
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
12:32
Вчера
Объявления
15:32, Вчера
14:05, 4 ноября
15
14:05, 4 ноября
live comments feed...