• Главная
  • Құрманғазы ауданының 15 елді мекенінде спорт алаңдарының құрылысы жүргізілуде
21:25, 1 февраля

Құрманғазы ауданының 15 елді мекенінде спорт алаңдарының құрылысы жүргізілуде

Источник фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Источник фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

«Ауыл – ел бесігі» ұлттық бағдарламасы аясында Құрманғазы ауданың 15 елді мекенінде спорт алаңдарының құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы Құрманғазы ауданының құрылыс бөлімінің басшысы Жасұлан Сүндетов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Тапсырыс беруші Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімі. Спорттық алаңдардың құрылыс жұмыстары «Номад Құрылыс компаниясы» ЖШС мердігер мекемесімен жүзеге асып жатыр. Округ әкімдерінің сұраныстары бойынша Сүйіндік, Жалғызапан, Балқұдық, Азғыр, Қоңыртерек, Асан, Үштаған, Кадырка, РТС, Жапырық, Алға, Даулеткерей, Нұржау, Орлы, Алтыншы елді мекендері таңдалынып алынды. Өткен жылдың қыркүйек айында басталған құрылыс жұмыстары, 6 айға созылады деп жоспарлануда"- деді Ж.Сүндетов.

Айта кетейік, жобаның жалпы құны 1 млрд 551 млн 730 мың теңге. Құрылысқа былтыр республикалық бюджеттен 613 млн 271 мың теңге бөлінген. Жауаптылар құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың наурыз айында аяқтауды жоспарлап отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Актау #разное
Объявления
live comments feed...