• Главная
  • Атырауда үш медициналық ұйымда «Үздік тәжірбие орталығы» ашылмақ
10:00, 30 января

Атырауда үш медициналық ұйымда «Үздік тәжірбие орталығы» ашылмақ

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Атырау облысына жұмыс сапарымен келген «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығының Президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор Төлебай Рахыпбековпен кездесті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Кездесуде Т.Рахыпбеков іс-сапарының негізгі мақсатына тоқталып, Атырау облысында «Үздік тәжірбие орталықтарын» ашу үшін медициналық-санитарлық алғашқы көмек (емханалар) ұйымдарының жұмысымен танысқанын айтты. 

- Үздік тәжірибе орталықтарын құрудың негізгі мақсаты - медициналық көмектің қолжетімділігін, халықтың қажеттіліктерін өтеу мен сауаттылық деңгейін жақсарту. Сондай-ақ олардың денсаулығын қорғау саласындағы жобалар мен әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу, шағымдар санын азайтып, оның түрлерін талдау, ұйымдастыру және әдістемелік жұмыс жүргізу. Атап айтсақ, мекемелерде «ақылды телефон» құрылғысын орнату, жарақаттар мен қан кетулер кезінде шұғыл көмек кабинетін ашу, жүрек тоқтап қалған кезде арнайы «жедел шақыру» түймесін қою қажет. Сонымен қатар «Жаңа 10 салауатты тамақтану мектебін», «Халықты сүт безі обырын ерте анықтауға үйрету», «Ер адамның денсаулығы», «Инсульт белгілерін ерте анықтау» сынды жобаларды жүзеге асыру қажет, - деді Т.Рахыпбеков.

Өз кезегінде Жасұлан Бисембиев айтылған ұсыныстарға қолдау білдірді. 

- Бүгінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің стратегиялық бағыты аясында медициналық қызметтің сапасын арттыру бойынша өңірлерде «Үздік тәжібие орталықтары» іске қосылуда. Бүгінгі айтылған ұсыныс-пікірлер бірқатар мәселелердің шешімін тауып, медицина қызметінің сапасын арттыруға үлкен мүмкіндік береді деп ойлаймын. Осы жобаларды өңірде жүзеге асыруды жіті бақылауға аламыз, - деді Ж.Бисембиев.

Айта кетейік, Атырау облысында «Үздік тәжірбие орталықтарын» үш медициналық ұйымда - №7 қалалық емханасы, Геолог емханасы және Жылыой аудандық ауруханасы базасында ашу осы жылға жоспарланып отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #үздік тәжірибе орталықтары
Объявления
live comments feed...