• Главная
  • Атырау полициясы 2023 жылды қорытындылады
10:00, 26 января

Атырау полициясы 2023 жылды қорытындылады

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкеновтің қатысуымен Полиция департаментінің барлық қызметінің өткен жылы атқарған жұмысының қорытындысы туралы алқа отырысы өтті. Оған Полиция департаменті бөлімшелерінің басшылары мен жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Жиында  2023 жылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау бойынша атқарылған жұмыстардың көрсеткіші және 2024 жылға арналған ұсыныстар мен жоспарлар талқыланды.

Өткен жылдың қорытындысымен Атырау облысында тіркелген қылмыстар мен құқық бұзушылық  оқиғаларының көрсеткіші төмендеген. Сонымен қатар, былтыр жергілікті бюджет есебінен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жұмысының тиімділігін арттыру үшін полиция органдарының материалдық-техникалық базасы жаңартылды.

Облыс әкімі Серік Шәпкенов азаматтардан келіп түсетін ұсыныстарды ескеріп, қоғамдық орындарда және тұрғын үйлерде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын күшейту қажеттігін айтты. Оған қоса мемлекет басшысының «Халыққа жақын полицей» қағидатын іске асыру бойынша учаскелік полиция инспекторларының жұмысына ерекше назар аудару керектігін атап өтті.

Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев құқық қорғау органдарының басты міндеті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті сақтау және қызметтік міндетін жоғары кәсіби деңгейде орындау екенін айтып, жеке құрамға құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #полицейлер #жыл қорытындысы
Объявления
live comments feed...