• Главная
  • Биыл Атырауда жасанды ұрықтандыру бойынша 232 квота бөлінді
14:00, 22 января

Биыл Атырауда жасанды ұрықтандыру бойынша 232 квота бөлінді

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Осы жылы өңірде «Аңсаған сәби» бағдарламасымен балалы болғысы келетін жандар үшін 232 квота бөлініп отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Елімізде «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы 2021 жылдан бастап іске асырылуда. Аталған бағдарламаның басты мақсаты - қосалқы репродуктивті технологиялардың көмегімен отбасылық-демографиялық мәселелерді шешуге жәрдемдесу.

«Экомед-Атырау» ЖШС клиникасының гинеколог-дәрігері, репродуктолог Құндыз Дәулетьярованың айтуынша, бұл жоба бақытты отбасылар санының артып, бірқатар жандарға ана бақытын сезінуге мүмкіндік беруде.

- Жасанды ұрықтандыруды немесе медицина тілінде «экстракорпоральды ұрықтандыруды» біз бедеулікке қарсы іске асырамыз. Қазақстанда бұл процедураның пайда болуымен бақытты отбасылар қатары көбейді. Бүгінде елімізде жүзеге асырылып жатқан «Аңсаған саби» бағдарламасына 7 мың квота бөлінген. Бұл бағдарлама 18 жастан 42 жасқа дейінгі әйел адамдарға жасалады. Сондай-ақ, әр адам өз келісімдері бойынша арнайы консультациядан, медициналық тексерістен өтуге міндетті, - деді Қ.Дәулетьярова.

Оның айтуынша, Атырау облысы бойынша 2021 жылы - 233, 2022 жылы - 213 квота бөлінген. Ал былтыр атыраулық аналар үшін берілген 233 квотаның 20-ы сұраныстың көптігіне байланысты Алматы облысына беріліп, қалған 213-і толық игерілген. Оның ішінде, 59 әйел жүкті болып, 9-ы түсік тастауына байланысты бүгінде 47 ана сәби күтуде, ал 3 сәби өмірге келді. Қалған үміткер аналар тиісті іс-шараларды қабылдау үстінде.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #квоталар #жасанды ұрықтандыру
Объявления
live comments feed...