• Главная
  • Биылдан бастап кәсіпкерлердің мобильді аударымдары тексеріледі
12:00, 9 января

Биылдан бастап кәсіпкерлердің мобильді аударымдары тексеріледі

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Бұл туралы Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаменті №2 камералдық мониторинг бөлімінің басшысы Серіккерей Қуанов баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Оның айтуынша, Қаржы министрлігінің 2022 жылдың 29 наурызындағы № 323 бұйрығы бойынша, кейбір қазақстандықтар кәсіпкерлік қызметтен жеке тұлғалардың шоттарына түскен мобильді ақша аударымдары мен  кәсіпкерлік қызметтен түскен кірісті жасырады. Яғни, төлем қабылдағаны туралы түбіртек бермей, кәсіпкерлікпен айналысады. Осыған байланысты Қазақстанда азаматтардың алған мобильді аударымдарын кезең-кезеңімен тексеру басталды. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру белгілерін айқындау өлшемшарты жеке тұлғаның үш ай қатарынан ай сайын әр түрлі тұлғалардан жеке банктік шотқа 100-ден астам аударым алуы болып табылады. 

- 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі басталған болатын. Оны бизнес өкілдері мен олардың жұбайлары, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары тапсыруға міндетті. Биыл Атырау облысы бойынша 3-кезеңде 87 мыңнан астам жеке тұлға декларациялануы қажет. Күні бүгінге дейін 127 адам декларациялаудың 3-кезеңін тапсырды, - деді С.Қуанов.

Бақылау шаралары адал салық төлеушілерге әсер етпейді. Бұл жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған. Сондай-ақ маманның айтуы бойынша, бұл ретте жеке тұлғалар өздерінің жеке мақсаттары үшін мобильді аударымдарды жасай және қабылдай алады.

- Бақылау шаралары қызметті тіркеу және кірісті төмендету бойынша камералдық бақылауды қамтиды. Жалпы камералдық бақылау салық төлеушілерге бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беруге бағытталған. Бұл жерде жеке тұлғалар өздерінің жеке мақсаттары үшін мобильді аударымдарды жасай және қабылдай алатынын атап өту маңызды. Бұл дегеніміз туыстарына, достарына аударымдар, ата-аналар мен балаларға көмек және басқа да өмірге қажетті жағдайларға байланысты аударымдар. Бұл ретте мұндай аударымдарды декларациялаудың қажеті жоқ, өйткені мұндай аударымдар бір жолғы болып саналады, - деді ол.

Айта кетейік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 194-бабына сәйкес, ҚР аумағында сауда қызметін жүзеге асыру кезiнде төлемдерді және аударымдарды қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның төлем карточкаларын пайдалана отырып, оларды қабылдаудан бас тартуы – ескерту жасауға алып келеді. Сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінде көзделгендей әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 40, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 60, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #мобильді аударымдар #кәсіпкерлер
Объявления
live comments feed...