
14:00, 5 января 2024 г.
Жылыой ауданында Құрсай өзенінің аумағы абаттандырылуда

Атырау , Жылыой ауданы , Курсай
Қазіргі таңда өзеннің 2 шақырым аумағы абаттандырылып жатыр. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Аталған жұмыстар Атырау облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен, «Теңізшевройл» компаниясының «Игілік» бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Мердігер мекеме - «Орлан» ЖШС. Құрылыс жұмыстары былтыр желтоқсан айында басталып, биыл қыркүйек айына дейін аяқталады деп күтілуде.
Мұнда жаяу адам жолы салынып, өректастар төселуде. Сондай-ақ 203 шам орнатылып, 343 терек отырғызылып, 103 отырғыш пен 103 дана қоқыс жәшігі (урна) қойылмақ.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
17:44, 21 апреля
10:09, 19 апреля
15
11:04, 20 апреля
12
10:09, 19 апреля
53