
12:00, 5 января 2024 г.
Атырауда оқушылар арасындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Бүгін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде өңірдің 9-11 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Олимпиадаға 11 облыстық мектептен, 7 аудан және қала мектептерінен 750 оқушы қатысып, оның 361-і жаратылыстану-математика бағыты бойынша, 389-ы қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша бақтарын сынауда.
Облыстық Білім беру басқармасы «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығының директоры Руслан Сарбалиннің айтуынша, жүлделі I орын және кейбір пәндерден II орын алған оқушылар олимпиаданың республикалық деңгейіне жолдама алады.
- 2 кезеңнен тұратын облыстық олимпиада 4-5 қаңтар күндері өтеді. Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша тапсырмалар орындайтын оқушылар бүгін I кезеңді бастады. 19 аудиторияда өтіп жатқан білім додасында балалардың арақашықтығын қамтамасыз ету мақсатында арнайы тікелей транслияциялар ұйымдастырылды. Биыл олимпиадаға қатысқан жастарды қолдау үшін жүлделі I орын алған 11 сынып оқушыларына өңірдегі жоғары оқу орындарының арнайы гранттарын беру жоспарлануда. Олимпиаданың республикалық кезеңінде жаратылыстану-математикалық пәндерден 36 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағыттан 28 оқушы қатысатын болады. Барлық оқушыларға сәттілік тілейміз! – деді Р.Сарбалин.
Айта кетейік, қатысушы қорытынды нәтижелерге келіспеген жағдайда келіспеу себептерін көрсете отырып, өтініш нысанын толтырып, апелляцияға бере алады. Апелляциялық өтініштер қабылдау 6 қаңтар күні аяқталады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:18
Вчера
17:35
Вчера
10:38
Вчера
14:10
16 ноября
16:11
15 ноября
14:03
15 ноября
Объявления
12:15, 2 ноября
10:52, 11 ноября
53
13:06, 4 ноября
12
10:52, 11 ноября
15