• Главная
  • Жылыой ауданындағы төтенше жағдайлар бөлімі мен коммуналдық мекемелерге арнайы техникалар берілді
14:00, 3 января

Жылыой ауданындағы төтенше жағдайлар бөлімі мен коммуналдық мекемелерге арнайы техникалар берілді

фото: аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

фото: аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов аудандық төтенше жағдайлар бөліміне бір арнайы Трэкол көлігінің және аудандағы коммуналдық мекемелерге төрт МТЗ тракторының, арнайы құрылғылармен қамтылған бір арнайы жол көлігінің (КДМ), сыйымдылығы 12 тонна болатын екі вакуум техникасының кілтін табыс етті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

-Қажеттілікті қамтамасыз ету жолында үздіксіз жұмыс істелу керек. Заман ағымынан қалмай, мәселенің себебімен емес салдарымен күресу мақсатында облыс әкімінің тікелей қолдауымен ауданда жүйелі жұмыстардың нәтижесі көрінуде. Бүгін  сол тапсырмасының орындалысы - қолданыстағы техникалардың ескіруіне байланысты жаңасын сатып алып, сіздерге табыстап отырмыз, - деді аудан әкімі Жұмабек Қаражанов. 

Сондай-ақ, аудан басшысы ел игілігі үшін жасалған бұл істің баянды болуы ендігі жерде жұмысшылардың мемлекет мүлкіне деген жанашырлығы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін айтып, төтенше жағдайлар бөлімі мен коммуналдық мекеме қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, МТЗ тракторы көше тазалығына және қар күреуге арналған болса, КДМ арнайы техникасы қар тазалап қана қоймай, реагент себетін болады. Ал сыйымдылығы 12 тонна болатын вакуум техникалары толықтай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Трэкол арнайы техникалары төтенше жағдайларға далалыққа шығуға арналған жол талғамайтын автокөлік.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Жылыой ауданы #арнайы техника
Объявления
live comments feed...