• Главная
  • Атырауда палуандар мен боксшылар марапатталды
10:10, 3 января

Атырауда палуандар мен боксшылар марапатталды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

2023 жылғы халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттауға арналған Атырау облысы грек-рим, еркін, әйелдер және жағажай күресі федерациясының жылдық қорытындысы өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Жиында Атырау облысы грек-рим, еркін, әйелдер және жағажай күресі федерациясының президенті Арман Тугаев спортшыларды және спорт ардагерлерін құттықтады. 

- Федерацияны қолға алғалы бес ай болды. Бүгінгі іс-шара сол уақыт ішінде жеткен жетістіктер, жылдық қорытындыларға арналады. Көптеген жетістіктерге жетіп, облысымыздың абыройын асқақтатып жүрген спортшыларымыз бен ардагерлерімізге арнайы сыйлықтарымызды табыстамақпыз. Ертеңгі жарысымызды жоғары деңгейде өткізу мақсат етіп отырмыз. Атырау өңірінің «Мұнайлы астана» деген статусын әлемдік дәрежеде таныту мақсатында «Мұнайлы астана кубогі» деген ат берілді. Сайыс төрт салмақта болады. Атап айтсақ, екі салмақ еркін күрестен, екі салмақ грек-рим күресінен. Мұнда әлемдік деңгейде топ жарған чемпиондар, жүлдегерлер, Еуропа чемпионы сынды спортшыларымыз келді. Палуандарымызға сәттілік тілеймін, - деді А.Тугаев

Сондай-ақ іс-шара барысында облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дастанбек Қоспанов, Қазақстан Республикасының грек-рим, еркін, әйелдер және жағажай күресі федерациясының ресми өкілі Аспандияр Есенжолов құттықтау сөз сөйлеп, алдағы халықаралық турнирге сәттілік тіледі.  

Салтанатты шарада 15 спорт ардагері, 20 спортшы, 8 жаттықтырушы Атырау облысы әкімінің және облыстық грек-рим, еркін, әйелдер және жағажай күресі федерациясы президентінің алғыс хатымен марапатталды. 

Сонымен қатар Атырау бокс федерациясы да жылды қорытындылап, үздік спортшыларды марапаттады. 

Жиынғы «Атырау бокс федерациясы» ҚБ президенті Данбай Шухрат қатысып, боксшыларды құттықтады. «Бірлесе атқарған жұмысымыздың бір жылы аяқталып келеді. Биыл кейбір қиындықтарға қарамастан, облыста бокс саласын дамыту бойынша көп жұмыстар атқарылды. Сол үшін барлығыңызға алғыс айтамын» - деді Ш.Данбай құттықтауында.  

Жыл соңында үздік нәтиже көрсеткен бірқатар спортшылар марапатталды. Олар жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы - Жандос Алпысбаев, қыздар арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері - Гауһар Зарден, әлем чемпионатының қатысушысы, Қазақстан Республикасының 6-шы жазғы спартакиадасының күміс жүлдегері Райыс Нұрқанат, жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының 6-шы жазғы спартакиадасының күміс жүлдегері Аманат Сабырғали, жастар арасында Қазақстан чемпионы Алмас Хиникин.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #боксшылар #палуандар
Объявления
live comments feed...