• Главная
  • Қызылқоғада жаңартылған стадион пайдалануға берілді
14:00, 29 декабря 2023 г.

Қызылқоғада жаңартылған стадион пайдалануға берілді

фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аудан орталығындағы орталық стадион толық жөндеуден өтіп, жаңаша үлгіде пайдалануға берілді, деп хабарлайды Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Стадионның ашылу салтанатына ауыл тұрғындары, спортшылар қатысты. Аудан әкімі Қанат Әзмұханов жұртшылықты жаңа стадионның ашылуымен құттықтады.

Салтанатты шарада ел ағалары Рақмет Ғалиахметов пен Жүсіп Әбдіғали тілектерін білдіріп, аудан басшылығына ризашылықтарын жеткізді.  

– Соңғы уақытта ауданда осындай алаңдардың ашылуы мемлекетіміздің бұқаралық спортқа көңіл бөліп отырғанының айғағы. Мұндай  стадионды спорт ардагерлері, біз дайындаған оқушылар армандап кетіп едік. Бүгін міне жас буынға нәсіп етіп отыр. Бұл алаңда жұмыс жасаған маман да, олар дайындаған оқушылар да бақытты. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Стадионда жаттыққан әр спортшының жеңісті күндері көп болсын!- деді ҚР оқу ісінің үздігі төсбелгісінің иегері, спорт саласының ардагері Рахмет Ғалиахметов.

Айта кетейік, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 40 жылдан астам уақыттан кейін толық жаңартылған стадион заман талабына сай қажетті инфрақұрылым жүйелерімен қамтылған. Жаңа стадион бір мезетте 500 көрермен үшін қызмет көрсете алады. Онда 7 мың шаршы метрден астам үлкен футбол алаңы, төрт жолақты жүгіру жолы, шағын футбол, стритбол, воркаут алаңы, екі командаға арналған киім ауыстыратын, жуынатын орындар қарастырылған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Қызылқоға ауданы #стадион
Объявления
live comments feed...