• Главная
  • Атырауда «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
10:00, 29 декабря 2023 г.

Атырауда «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Атырау облысы аумағында 25 желтоқсан және 3 қаңтар аралығын қамтыған, «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Шараның басты мақсаты – заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық өнімдерді сақтау, есепке алу, қолдану, сатып алу, тасымалдау тәртібінің сақталуын тексеру. Сонымен қатар сертификатталмаған өнімді жеткізушілерді анықтау, қоғамдық орындар мен көшелерде, тұрғын үйлерде осы өнімдердің салдарынан болатын төтенше жағдайлардың алдын алу.

Профилактикалық іс-шара барысында атыраулық төтеншеліктер пиротехникалық бұйымдардың салдарынан болатын өрттерді болдырмау, азаматтардың өміріне қауіп тудыратын жағдайлардың алдын алу мақсатында базарлар мен сауда орталықтарында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Тәртіп сақшылары пиротехника сатушылардан сертификат талап етілетінін ескертеді. Оның үстіне заңсыз сауда үшін де әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 196-бабына сәйкес 86 мың 250 теңге көлемінде айыппұл салынады.

Айта кетейік, тұрғындар қоғамдық жерлерде, пәтерлердің балкондары мен терезелерінен отшашуды пайдаланғаны үшін жазаланады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #ЖМК #"Пиротехника"
Объявления
live comments feed...