• Главная
  • Атырауда үздік энергетиктер марапатталды
20:00, 27 декабря 2023 г.

Атырауда үздік энергетиктер марапатталды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Биыл Атырау энергетика кешенінің құрылғанына 60 жыл. Мерейлі датаға орай бүгін энергетика саласының үздіктерін марапаттау іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Салтанатты іс-шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, «Атырау Энерго кешені» Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Мұхамбетқали Қалиев және «Атырау Энерго кешені» басқармасының төрағасы Алтынбек Қаршегенов қатысып, 40-қа жуық үздік энергетикке түрлі марапатты табыс етті. 

Атап айтсақ, сала үздіктері «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген энергетигі», ҚР Энергетика министрлігінің «Құрметті энергетик» төсбелгілерімен, «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалімен, ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды. Олардың арасында облыстық Энергетика басқармасының мамандары да бар. Ал, сала ардагерлері Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығының «Ардагер-энергетик» төс белгісімен наградтталды. 

Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев  аталған сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, атқарылған жұмыстар мен жетістіктерді атап өтті. 

-Құрметті сала қызметкерлері, сіздерді облыс әкімі Серік Шәпкеновтің және барша әріптестерімнің атынан төл мерекелеріңізбен құттықтаймын! Бұл мереке биыл энергетика құрылымының 60 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Өздеріңізге мәлім - энергетика саласы облыстың ғана емес, еліміздің өркендеуіне үлкен үлес қосатын маңызды сала. Тиісінше жауапкершілік те жоғары. Осыған орай, Президентіміздің тапсырмасына сай, облыста бұл сала бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен, биылдың өзінде ауқымды жобаларқолға алынып, бірқатар желілерге жөндеу жұмыстары жүргізілді ,- деді Қ.Нұртаев. 

Салтанатты іс-шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #энергетики
Объявления
live comments feed...