• Главная
  • Енді жылыжайлардың коммуналдық шығыны субсидияланатын болды
20:00, 26 декабря 2023 г.

Енді жылыжайлардың коммуналдық шығыны субсидияланатын болды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің Атырау облысына жұмыс сапарымен келіп, жұртшылықпен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Жиында вице-министр саладағы тың жаңалықтармен бөлісіп, кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, кейбір түйткілді мәселердің тиімді шешімін шығару үшін, министірлікте талқыланатынын жеткізді. 

- Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап жылыжайлардың суына, газына, жарығына кетіп жатқан шығынды субсидиялаймыз. Олай шешкеніміз -жылыжай құрылысы күрделі, қайтарымы ұзақ кәсіп түрі. Субсидияны алу үшін жылыжай көлемі маңызды емес, 10-15 шаршы метр болса да қаржыландырамыз. Өңірде жылыжай көбейсе, нарықтағы бағада тұрақты болары анық,- деді А.Бердалин.

Жиын барысында атыраулықтар салаға қатысты сұрақтарын ортаға салды. Сауалдар легіне қарап, жұртшылықты ветеринария, өнім өндіру, ет комбинаты, малшы беделі, жайылым мәселелері алаңдататынын байқадық. Өңірдің кәсіпкерлері 300 мың теңгеге малшы таба алмай отырғандарын жеткізді. Осыған байланысты қоғам алдында малшы мәртебесін жоғарылатып, балаларына әлеуметтік мүмкіндіктер беруді сұрады. 

Өз кезегінде Аманғали Бердалин қойылған ұсыныстар мен талаптар маңыздылығына қарай рет-ретімен шешілетінін жеткізді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #жылыжайлар #субсидиялар
Объявления
live comments feed...