• Главная
  • Жылыой ауданы Майкөмген ауылында мәдениет үйі ашылды
12:00, 26 декабря 2023 г.

Жылыой ауданы Майкөмген ауылында мәдениет үйі ашылды

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Жылыой ауданына қарасты Майкөмген ауылдық округінде «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 200 орындық мәдениет үйі салынды. Оның салтанатты ашылу шарасына облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды

- Мәдениетсіз мемлекеттің көсегесі көгермейді. Сондықтан өзіміздің ұлттық руханиятымызды қалыптастыру маңызды. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үшін білім, мәдениет, ғылым салаларын дамыту қажеттігін атап өтті. Осы тапсырманың орындалысының бүгінгі көрінісі - осы ауылда соңғы үлгідегі, жастарға арналаған мәдениет ошағының ашылуы. Мәдениетсіз адам болса да, ел болмайды. Жастарымызды ұлттық өнерімізді, құндылықтарымызды дәріптейтін жағдайға жеткізіп, лайық тәрбие беруіміз керек.  Осындай жақсылығы мол игі істеріміз қатары арта берсін! -деді С.Шәпкенов.

Мәдениет үйінің жалпы ауданы - 709,72 шаршы метр. Екі қабатты ғимаратта 200 орындық концерттік зал, киім бөлмесі, костюмдер бөлмесі, 16 орындық асхана және касса, жуынатын бөлме бар. Сонымен қатар қызметтік кабинеттермен, үйірме және оқытушы бөлмелерімен, 12 орындық оқу залы бар кітапханамен, 4 орындық медиатекамен және кітап сақтау бөлмелерімен жарақталған.

Мәдениет үйінің құрылыс жұмысы 2022 жылдың шілде айында басталды. Тапсырыс беруші - Жылыой ауданы құрылыс бөлімі.

Анықтама үшін: Майкөмген ауылдық округінде 1 165 адам тұрады. Мұнда мектеп, балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, дәрігерлік амбулатория сынды әлеуметтік нысандар бар.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Майкоген #Жылыой ауданы #мәдениет үйі
Объявления
live comments feed...