• Главная
  • Құлсары қаласында 75 орындық аурухана ашылды
16:00, 25 декабря 2023 г.

Құлсары қаласында 75 орындық аурухана ашылды

фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі

фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында орналасқан жаңа ғимараттың ашылу салтанатына  облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев адамдарға сапалы медицина қолжетімді болу қажеттігін баса айтты. Құлсары қаласының тұрғындарына барлық жағдай жасау басты мәселелердің бірі. Осы аурухананың құрылысы  үш жыл жүргізілді. Осы уақытқа дейін құлсарылықтар дәрігерден ем алу үшін қалаға баратын. Жол азабын  жүрген білер, екі орта ауырған адамға қатынауға қиындық келтіреді. Ауруханының ашылуымен бұл қиындықтың бәрі ұмытылады деген сенімдемін. Құлсарының халқы қалаға барып, емделіп жүрмес үшін, аурухана заманауи құрал жабдықтың бәрімен қамтылды. Енді кадр мәселесі. Бұл жерге білікті дәрігерлерді тарту қажет. Облыста кадр тапшылығын азайту үшін қалалық медицина ұйымдарына 3 млн теңге, ауылдық жерге 5 млн теңгеге дейін бір реттік үстемеақы берілуде. Осы шаралардың арқасында кадр мәселесін шешіп жатырмыз. Бұл жұмыстар  әрі қарай  жалғасын табады. Адам өмірінен артық маңызды нәрсе жоқ. Сондықтан дәрігерлер халыққа сапалы қызмет көрсетеді деген сенімдемін. Жаңа ғимарат ел игілігіне жарасын!-деді С.Шәпкенов.

Жаңа ауруханада МРТ, цифрлық рентген, соңғы үлгідегі УЗИ аппараты, ота жасауға арналған лапороскопиялық қондырғы бар. Сондай-ақ барлық палата көпфункционалды кереуеттермен жарақталған.  

Орталық аурухана ғимараты 55 орындық негізгі корпус, 10 орындық балалар бөлімшесі, 10 орындық инфекциялық бөлімшеден тұрады. Сонымен қатар асхана ғимараты, 3 автокөлікке арналған гараж, трансформаторлық қосалқы станция, бақылау-өткізу пункті, медициналық қалдықтарды кәдеге жарату ғимараты, қоқыс жинағыш, құрылысқа арналған дизельді электр станциялары, ауыз суга арналған резервуар, автотұрақ қарастырылған. Жаңа аурухана барлық санитарлық ережелер мен талаптарға сай, заманауи үлгіде салынған.

Орталық жаңа аурухананың құрылысы 2020 жылдың мамырында басталды. Аталған нысан «ТеңізШевройл» ЖШС-нің демеушілігімен «Игілік» бағдарламасы аясында салынды. Тапсырыс беруші - облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Құлсары #аурухана
Объявления
live comments feed...