• Главная
  • Қызылқоға ауданында жаңа кәсіпкерлік нысан ашылды
18:00, 22 декабря 2023 г.

Қызылқоға ауданында жаңа кәсіпкерлік нысан ашылды

фото: аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

фото: аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округінде жаңа сауда үйі ашылды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Жаңа нысанның ашылуы салтанатына аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев қатысып, мемлекет басшысының кәсіпкерлік саласын дамытуға көрсеткен зор қолдауының арқасында шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытында айтарлықтай оң өзгерістер қалыптасқанын атап өтті. Сондай-ақ ардагерлер кеңесінің төрағасы Қайырғали Ерекенов кәсіпкерлік нысанның әрі қарай сәтті жұмыс жасауына тілек білдірді. 

Ал кәсіп иесі Амантай Аққожиев жаңа сауда орнының тұрғындарды арзан азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етіп, халыққа үлгілі қызмет көрсететініне сенім білдірсе, жұбайы, «Жылдың үздік әлеуметтік кәсіпкері» атанған Гүлназ Айтбаева өз жетістіктерімен бөлісті.   

- Алғаш 2005 жылы шағын азық-түлік дүкені ретінде ауыл тұрғындарын қолжетімді бағада қызмет көрсеткен болатынбыз. Бүгінде тұрғындар сұранысымен Тасшағыл, Жамбыл, Қызылқоға, Ойыл, Жангелдин ауылдық округтерінің кәсіпкерлерін көтерме саудамен азық-түлік өнімдерін тасымалдап отырмыз. Ауылдық жердегі шағын және орта кәсіпкерлікті  дамыту бағдарламасы аясында 8 млн 500 мың теңге несие алып, бүгінде кәсіпкерлігіміздің көлемін арттырдық,- деді Г.Айтбаева. 

Сондай-ақ ол Жамбыл, Тасшағыл, Көздіғара ауылдық округінің жиырма тұрғынына 15 мың теңгенің азық-түлік себетін алуға сертификат берді. 

Заманауи үлгідегі сауда үйі жылдың төрт мезгіліне де қолайлы, халыққа қызмет көрсету сапасы өте жоғары, аудандағы ірі сауда нысандардың біріне айналмақ.

Айта кетейік, жыл басынан бері ауданда құрылысы аяқталған және жаңартылып жасалған 10 кәсіпкерлік ғимарат іске қосылып, 12 жұмыс орны ашылды. Әр түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы 97 жоба 803,8 млн теңгеге қаржылай қолдау алса, осы бағдарламалардың ішінде жергілікті бағдарлама «Ауылдық жердегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында берілген несиені 16 кәсіпкер 124 млн теңге алған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Қызылқоға ауданы #кәсіпкерлік объектісі
Объявления
live comments feed...