• Главная
  • Атырауда кәсіпкерлік субъектілерін тексеру мораториі аяқталуына орай семинар-кеңес өтті
20:00, 21 декабря 2023 г.

Атырауда кәсіпкерлік субъектілерін тексеру мораториі аяқталуына орай семинар-кеңес өтті

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Биыл 31 желтоқсанда кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий мерзімінің аяқталуына орай облыстық Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен, аймақтың бизнес субъектілері мен қадағалаушы мемлекеттік органдарының қатысуымен семинар-кеңес өтті.  Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Кездесу мемлекеттік органдардың тексеруге байланысты заңнамадағы тұрақты өзгерістер мен талаптарды ескере отырып, қолданыстағы ережелерді таныстыру үшін және заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шарада кәсіпкерлік субъектілері арасында алдағы уақытта санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, өрт қауіпсіздігі мен салық мәселелері және мемлекеттік органдар назар аударуы мүмкін басқа да аспектілер бойынша тексерулерге байланысты түсіндіру жұмыстары қаралды.

Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Сүйінбаев кездесу мақсатына тоқталып, маңыздылығын айтып өтті.

- Біздің негізгі мақсатымыздың бірі – кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау. Бұл іс-шара мораторийдың аяқталуына байланысты мемлекеттік органдар мен өңірдегі кәсіпкерлерді арнайы шақырып, келесі жылы тексеру барысында қандай өзгерістер орын алатыны жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылды. Мұнда аймақтағы әртүрлі кәсіпкерлік саласынан 100-ден астам бизнес өкілдері қатысып отыр, - деді Н.Сүйінбаев.

Айта кетейік, жиынға ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің және  төтенше жағдайлар, экология, полиция, мемлекеттік кірістер, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменттерінің өкілдері және аумақтық фитосанитарлық және ветеринариялық бақылау инспекциялары қатысты. Олар кәсіпкерлік субъектілеріне қандай талаптар қойылатыны туралы айтып, кәсіпкерлерден түскен сауалдарға жауап берді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #бизнесті тексеру #мораторий
Объявления
live comments feed...