• Главная
  • Атырауда жыл үздіктері марапатталды
18:00, 21 декабря 2023 г.

Атырауда жыл үздіктері марапатталды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Атырау қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жыл үздігі - 2023» іс-шарасы өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Аталған орталықтың ұйымдастырумен алғашқы рет өткізіліп отырған іс-шарада 10 номинация бойынша үздіктер марапатталды.

«Жаныңдамын» қоғамдық қорының жетекшісі Мейрамгүл Есниязова облыстық дарынды балаларға арналған мектеп гимназиясының оқушысы Мұхамеджан Дианаға «Үздік оқушы», Халел Досмұхамбетов атындағы Атырау университетінің студенттері Балғара Өтесінқызына «Үздік студент», Диас Исмағұловқа «Үздік волонтер» номинациясын табыстады.

Ал, «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі бас директорының орынбасары Дәурен Махимов «ATYRAY» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің шеф-редакторы Жұлдыз Тілеуханға «Үздік журналист», Куиз ойындарының облыстық, қалалық сайыстарының бірнеше дүркін жеңімпазы Бақдәулет Өмертаевқа «Үздік пікірсайысшы» номинациясын табыстады.

Сонымен қатар, Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің оқытушысы Қуаныш Юсупов «Үздік жас мұғалім», джу-джитсудан ҚР 3 дүркін чемпионы Болашақ Сүйекенов «Үздік жас спортшы» номинациясын иеленді.

Ал, «Kerbez sulu» брендін қалыптастырған Айгерім Исмағұлова «Үздік жас кәсіпкер», Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің студенттерінен құралған Caspian Student’s Рarlament «Үздік жастар ұйымы» номинациясын иеленді.

Сондай-ақ, «Жыл үздігі - 2023» номинациясымен «Асаруме» мәдени-білім қоғамдық қорының Атырау қаласындағы жастары марапатталды.

Үздіктерге алғыс хат пен қаржылай сыйлықтар берілді. Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #марапаттау
Объявления
live comments feed...