• Главная
  • Атырауда «Үздік салық төлеушілер» анықталды
20:00, 20 декабря 2023 г.

Атырауда «Үздік салық төлеушілер» анықталды

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өткен жылдың қорытындысымен «Үздік салық төлеуші», «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушы» жеңімпаздарын марапаттады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Салтанатты шарада Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бекен Шанаев саланың ел экономикасына қосқан үлесін атап айтты. 

- Сөз алдында сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Еліміздің өркендеу жолында Мемлекеттік кірістер органдары да өз үлестерін қосуда. Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті бүгінгі күнде республикалық бюджетке 1 трлн 716 млрд теңге, жергілікті бюджетке 605 млрд теңге аударса, ал Ұлттық қорды 2 трлн 495 млрд теңгеге толықтырды. Бұл тұрғыда біздің басты міндетіміз - мемлекет қазынасын уақтылы толықтыру,- деді Б.Шанаев.

2022 жылдың қорытындысына сәйкес «Жер қойнауын пайдаланушы» номинациясы бойынша «Ембімұнайгаз» АҚ, «Мониторингте тұрған ірі салық төлеуші» номинациясымен «Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг & Прокьюрмент С. А. Л.» компаниясының Атырау қаласындағы филиалы, «Жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібі - құрылыс» номинациясы бойынша «TENGIZ UNIVERSAL SUPPORT» ЖШС «Үздік салық төлеуші» атанды. Сондай-ақ, «Жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібі - Көлік және қоймалау» номинациясы бойынша «ТексолТранс» ЖШС, «Жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібі - Сауда» номинациясымен «Сталкер» жеке кәсіпкерлігі, «Жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібі - Өңдеу өнеркәсібі» номинациясымен «Новус Силинг Каспиан» ЖШС, «Жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібі - қызметкер» номинациясымен «Ораз Н.Қ» жеке кәсіпкерлігі, құрылтайшысы Нұрболат Ораз, «Оңайтылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі» номинациясы бойынша «BUN-Trans» жеке кәсіпкерлігі «Үздік салық төлеуші» атанып, марапатталды.  

Марапаттау шарасы концерттік бағдарламаға ұласты.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #салық төлеушілер
Объявления
live comments feed...